12
маусым
2026
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

«Мектепке дейінгі ұйымға арналған үздік дамытушы бағдарлама» республикалық байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанған балабақшамыздың меңгерушісі Омарбекова Ф.К. мен тәрбиеші Валиева С.А.-ны шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жеңіс – қажырлы еңбектің, кәсіби шеберліктің, шығармашылық ізденістің және білім беру ісіне деген зор жауапкершіліктің жемісі. Сіздердің жетістіктеріңіз ұжымымыз үшін үлкен мақтаныш әрі әріптестеріңізге үлгі. Байқау мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің үздік дамытушы бағдарламаларын анықтауға бағытталған республикалық деңгейдегі маңызды шаралардың бірі болып табылады.