19
қараша
2025
«Балабақшада ұлттық құндылықтар арқылы балалардың коммуникативтік тілдік дағдыларын дамыту»
«Балабақшада ұлттық құндылықтар арқылы балалардың коммуникативтік тілдік дағдыларын дамыту» тәжірибе алаңы ұйымдастырылып, ұлттық мәдениет элементтерін қолдану арқылы балалардың сөздік қоры мен сөйлеу белсенділігін арттыруға бағытталған жұмыс түрлері көрсетілді. Тәжірибе алаңында тәрбиешілер ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, әңгімелер мен этнопедагогикалық әдістерді сөйлеуді дамыту үдерісіне енгізіп, балалардың тілдік, әлеуметтік және эмоционалдық дағдыларының қалыптасуына ықпал етті. Алаң жұмысының нәтижесінде тиімді әдіс-тәсілдер сараланып, оларды оқу-тәрбие жұмысына енгізу бойынша ұсыныстар жүйеленді.

