«Мектепке дейінгі білім берудегі кросс-мәдени жобалар: елдер арасындағы тәжірибе алмасу» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жобалық студия » "№187 бөбекжай-балабақшасы"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№187 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7 (727) 341-01-97
Әдіскер:
+7 (727) 341-01-95
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке дейінгі білім берудегі кросс-мәдени жобалар: елдер арасындағы тәжірибе алмасу» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жобалық студия
23
қазан
2025

«Мектепке дейінгі білім берудегі кросс-мәдени жобалар: елдер арасындағы тәжірибе алмасу» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жобалық студия






2025 жылғы 23 қазан күні Алматы қаласында Түрксіб ауданының «№187 бөбекжай- балабақшасы» КМҚК-да «Мектепке дейінгі білім берудегі кросс-мәдени жобалар: елдер арасындағы тәжірибе алмасу»
тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жобалық студия ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі білім беру саласындағы инновациялық және кросс-мәдени тәжірибелерді дамыту,
 Сингапур мен Қазақстан арасындағы халықаралық әріптестікті нығайту.
Сингапур Республикасы мен Алматы қаласының Білім басқармасы арасында қол қойылған меморандум аясында конференцияға келесідей өкілдер қатысты:
  • Чэнь Шао Цзюань, Сингапур еліндегі «Mosaic» мектепке дейінгі ұйымының Қытай бөлімшесінің басшысы;
  • Адамова М.Е., Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры;
  • Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері;
  • Қалалық мектепке дейінгі білім беру ресурстық орталығының мамандары;
  • Қаланың және өңірлердің балабақша педагогтері.
Конференция барысында «№187 бөбекжай- балабақшасы» КМҚК базасында сәтті жүзеге асырылып жатқан «Сингапурлық жобалық-тәжірибелік орталық» келесі бағыт бойынша таныстырылды:
«Үштік одақ – бала бақыт» –
 балабақша, педагог және баланың үштік бірлігіне негізделген үйлесімді білім беру кеңістігін құру.
 Бұл жүйе арқылы ынтымақтастық, сенім және белсенді өзара әрекеттестік арқылы баланың тұлғалық дамуы,
 оның әлеуетін ашу, рухани-адамгершілік құндылықтар мен негізгі құзыреттерді қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Конференция соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, естелік сыйлықтар табыстап, естелікке суретке түсті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив