Логопед кеңесі » "№187 бөбекжай-балабақшасы"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№187 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7 (727) 341-01-97
Әдіскер:
+7 (727) 341-01-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
қазан
2021

Логопед кеңесі

Құрметті ата-ана!

                      Дыбысталу бұзылыстарын түзету бойынша логопедиялық сабақтар жұмысына 2 рет, сөйлеу тілі бұзылысының күрделігіне байланысты жеке түрде жүргізіледі. Сабақтан кейін әр бір тәрбиеленушіге оның сөйлеу тілі бұзылысына сәйкес жеке үй тапсырмалар беріледі. Үй тапсырмалары бала-бақшадағы логопедиялық сабақтардан алған білім мен біліктілігін бекіту мақсатымен беріледі.
                      Үй тапсырмасын орындауда бірқатар шарттарды ұстау керек:
1.     Сіздің балаңыз сау, тамағы тоқ, тыныш күйінде болғанда ғана үй тапсырмаларын орындауға кірісу керек.
2.     Дұрыс дыбысталу, анық және түсінікті сөйлеудің ол үшін қандай жағымды жақтары бар екенін балаға түсіндіру қажет.
3.     Үй тапсырмалары логопедтің  нұсқаулығы бойынша жүйелі түрде күнделікті орындалуы тиіс.
4.     Балада тапсырманы орындау үшін міндетті түрде кішігірім айнамен(тапсырманы орындау кезде балада өзін-өзі бақылау мүмкіндігіне арналған), артикуляциялық жаттығуларды орындау үшін қажет қағаз сүлгімен, түрлі-түсті қарындаштармен және т.б жабдықталған орын болу керек.
5.     Тапсарманы баланың өзі орындауы тиіс, ал ата-аналар тек орындалу дұрыстығын бақылайды және керек кезінде түзетеді.
6.     Егер бала тапсырманы орындау кезде шаршап қалса, оған міндетті түрде демалуға мүмкіндік беру керек. Егер балаңыздың дәл осы уақытта тапсырманы орындауға құлшынысы болмаса, онда оны басқа уақытқа алмастыру керек, бірақ міндетті түрде сол күні орындау қажет.
7.     Егер бала тапсырманы орындай алмаса, ешқашан ұрспаңыз, керсінше мадақтап, өз күшіне сенімдігін және бұрын алған дағдыларын жоғалтпау мүмкіндігін иелену үшін алдыңғы тапсырмаларды орындауға кірісіңіз.
8.     Баланы жиі мадақтап отырыңыз, оның өз күшіне сенімділігін қалыптастырыңыз, жетістікке жету жағдайын құрыңыз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив