Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепалды даярлық топтарында/сыныптарында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар » "№187 бөбекжай-балабақшасы"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№187 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7 (727) 341-01-97
Әдіскер:
+7 (727) 341-01-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепалды даярлық топтарында/сыныптарында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар
07
қыркүйек
2020

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепалды даярлық топтарында/сыныптарында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар

№ исх: 345   от: 13.08.2020
                                                                                                          Қазақстан Республикасы
                                                                                                         Білім және ғылым министрінің
                                                                                                          2020 жылғы «___»тамыздағы 
                                                                                                          № ___бұйрығына 1-қосымша

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепалды даярлық топтарында/сыныптарында тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар 

                                      1-тарау. Жалпы ережелер

1. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде ұйымдстырылған оқу қызметтерін (бұдан әрі - ҰОҚ) ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) балабақшада қашықтан оқытуды ұйымдастыру және жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау үшін оңтайлы жағдайлар жасау мақсатында әзірленді.
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда (бұдан әрі - МДҰ) ҰОҚ қызмет түрін ұйымдастыру санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты анықталады:  
         1) ұйымдастырылған оқу қызметі (кеңестер) қашық форматта; 
        2) кезекші топтардың  жұмысын ұйымдастыру;  
             3. Ұйымдастырылған оқу қызметін (кеңестер) ұйымдастыру қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, үй жағдайында балаларға материалдар ұсынылады, ата-аналардың жетекшілігімен педагогтердің тапсырмаларын үйренеді және орындайды (ересек, мектепалды топтары/сыныптары).
4. Ата - аналардың өтініші бойынша кезекші топтарды ұйымдастыру-тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімдері негізінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру нысаны.

2- тарау. Қашықтықтан оқыту форматындағы сабақтарды (консультацияларды) ұйымдастыру тәртібі 

4.Қашықтан оқыту режимінде тәрбиеленушілерге бейнесабақтар өткізу ата-аналар қауымдастығының сұраныстарын және әлеуметтік тапсырысты орындауды, сондай-ақ қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы тәрбиеленушілердің ата-аналарын қолдауды қанағаттандырады.
1) Мектеп (шағын орталық болған жағдайда) және мектепке дейінгі ұйым басшыларына ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) хабардар болуын қамтамасыз ету және ересек, мектепалды даярлық балаларын қашықтан оқытуды ұйымдастыру (ата-аналардың қалауы бойынша):
- қашықтан оқытудың барлық қатысушыларының (педагогтер, тәрбиеленушілер, балалардың ата-аналары/заңды өкілдері) ересек, мектепалды даярлық балаларын қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы сабақтың басталу күнін көрсете отырып хабардар болуын; 
- мектепалды топтар мен сыныптардың педагогтарында қашықтықтан оқытуды жүргізу үшін әр отбасында қолжетімді байланыс түрлерінің, интернет-ресурстардың тізімінің болуы;
- «Сауат ашу негіздері», «Математика негіздері»,«Қоршаған ортамен танысу» бойынша (күніне бір сабақ) педагогтердің қашықтан кіріктірілген сабақ кестесін құруын;  
- педагогтердің демонстрациялық материалдарды, дидактикалық ойындарды және т. б. кеңінен қолдана отырып,ҰОҚ конспектілерін (оқыту бейнесабақтары) әзірлеуін;
- ересек, мектепалды даярлық (топтары) сыныптарының педагогтері әлеуметтік желілерде (WhatsApp, Facebook, Instagram және т.б.) топтар құрады, жас топтарын ескере отырып, бейнесабақтар, мультфильмдер, аудио-ертегілер орналастырылады;
- ата-аналар сабақ барысында, баланың сабақты қабылдауы туралы және т. б. барлық сұрақтарды нақтылау үшін кері байланыс арқылы ата-аналармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- топтардың, сыныптардың контингентін бекіту, кестені, жұмыс кестесін, күн тәртібін жасау;
- еңбек заңнамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның тыныс-тіршілігін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлердің (әкімшілік, техникалық персонал) еңбек функцияларын қашықтықтан айқындау.
2) Басшының орынбасарлары, әдіскерлер:
- мектепалды жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын меңгеруіне бағытталған қашықтықтан оқытуды ұйымдастырады;
- педагогтармен бірге ересек топ, мектепалды жастағы балаларды қашықтықтан оқытуды қамтамасыз етеді;
- жұмысты ұйымдастыру туралы барлық қашықтан оқытуға қатысушылардың (педагогтар, тәрбиеленушілер, балалардың ата-аналар/заңды тұлғалар) белсенді ақпараттандырылуына ықпал етеді;
          - қажет болған жағдайда балаларды қашықтан оқыту нәтижелерімен бейне талқылау жүргізеді;
          - тәрбиеленушілердің қозғалысы, балабақша педагогтарының сапалық құрамы, материалдық база, балабақшаның техникалық қызметкерлері туралы     мәліметтерді  және басқаларды ҰБДҚ толтырады; 
- ҰОҚ кестесін құрады; 
         - педагогтардың қызметін ұйымдастырады;
- топтың (кіші және мектепке дейінгі) тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен жеке кеңестерді жүргізеді;
- тәрбиеленушілердің ата-аналарына (заңды өкілдерін) балабақшада қолданылатын білім беру платформасы, сабақ кестесі туралы хабардар етеді. 
3) Педагогтар:
- қашықтан оқыту нәтижелерін ескере отырып, ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектілеріне үнемі түзету жүргізеді;
- бекітілген оқу кестесіне сәйкес қашықтықтан ұйымдастырылған оқу қызметін өткізеді;
- топтың тәрбиеленушілері (кіші және мектепке дейінгі соның ішінде ерекше білімді қажет ететен балалар) мен ата-аналармен жеке кеңестерді жүргізеді;
- қашықтықтан оқытудың барлық қатысушыларымен кері байланысты қамтамасыз етеді. 
           5. Қашық форматтағы ұйымдастырылған оқу қызметтеріне ұсынымдар:
1) Ересек, мектепалды тобы мен сыныптарында Санитариялық қағидаларға сәйкес 15 минуттан артық емес қашықтан форматта сабақтар жүргізеді.
2) Тәрбиеші тәрбиеленушілердің ата-аналарына әрекет алгоритмі  жазылған жаднама ұсынып, оларды стриминг режимінде ҰОҚ алдын ала дайындауы керек.
ҰОҚ дейін:
- өз құрылғысына қолжетімді  қосымшаны жүктеу; 
- қосымша құралдардың жұмысын тексеруі (микрофон, бейне, экранды көрсету және т. б.); 
- тіркелу үшін өзінің тегі мен атын, жас тобын/сыныбын пайдалану;
           - ҰОҚ алдында 10-15 минут бұрын платформаға қосылуды тексеру. 
ҰОҚ  уақытында: 
- бөгде дыбыстардың болмауын қамтамасыз етуі; 
- микрофонның жұмыс істеуін қадағалауы (қажет болған жағдайда ғана қосу); 
- бейненің көрінуін бақылауы; 

- әдептілік мінез-құлық нормаларын сақтауы; 

- платформа құралдарын дұрыс қолдануы (қажет кезде: педагогке (ата-анаға) хабарлама жазу, бейне/аудио немесе презентацияны қосу) қажет.
Ересек, мектепалды топтары мен сыныптарында сабақты синхронды форматта оқыту заманауи мүмкіндіктерді (Zoom, Skype, Facebook және т.б.) пайдалана отырып, педагогтің ата-аналармен және тәрбиеленушілермен нақты бір уақытта тікелей байланыста болуын көздейді. Тәрбиеші стримингке шығу үшін ҰОҚ белгілі бір бөлігін бөліп көрсете алады, ҰОҚ қалған бөлігін бейсинхронды форматта өткізе алады.
Сабақтың асинхронды форматы педагогтың ата-аналармен және тәрбиеленушілермен электрондық платформалардың мүмкіндіктері арқылы өзара іс-қимылын білдіреді.
6. Қашықтан оқыту үшін электрондық білім беру платформаларын қолдануға ұсынымдар:
Қашықтан оқыту үшін интернет-платформалар мен электрондық білім беру платформаларын, сондай-ақ, электрондық поштаны, басқа да байланыс құралдарын пайдалану ұсынылады.  
- Білім беру Оnline.edu.kz платформасында ашылған парақшасында жас топтарын ескере отырып, бейне-сабақтар, мультфильмдер, аудио-ертегілер үлгілері, сондай-ақ мектепалды топтар мен сыныптарға арналған бейне-сабақтар үлгілері орналастырылған.

3 - тарау.  Кезекші топтардың жұмысын ұйымдастыру

7. Кезекші топтардың жұмысы санитарлық талаптарды қатаң сақтаған жағдайда, оның ішінде осы тәртіпке сәйкес ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) өтініштері негізінде жүзеге асырылады. Өтініштер электрондық нысанда қолжетімді құралдар арқылы қабылданады (1-қосымша).
Кезекші топқа баруға ниет білдірген жағдайда балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері мектепке дейінгі ұйым басшысының атына өз ниеті туралы өтініш жазады және оны қол жетімді байланыс құралдары арқылы тәрбиешіге жібереді.
Тәрбиеші өтінішті әкімшілікке береді. 
Мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі тәрбиешілерден берілген өтініштер негізінде 15 балаға дейінгі кезекші топтарды құрады.
Кезекші топтардың контингенті, кестесі, жұмыс кестесі, педагогикалық құрамы педагогикалық кеңестің отырысында бекітіледі, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізіледі.
Кезекші топтардағы білім беру процесі мектепке дейінгі ұйымның бекітілген жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
8.Балаларды қабылдау балабақшаның медицина қызметкерінің баланың денсаулық жағдайын тексерумен жүзеге асырылады.
       Балабақшаның барлық қызметкерлерін және балалардың медицина қызметкері күн сайын таңертеңгі фильтрден өткізеді. Ауру белгілері анықталған жағдайда қызметкерлер жұмысқа жіберілмейді, балалар ата-аналарымен үйіне қайтарылады. 
        Созылмалы аурулары жоқ балаларды кезекші топқа жіберу ұсынылады (өті
ніште көрсетіледі).
        Кезекші топтарға баруды таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі. 
Таңдау құқығын ата-аналар немесе балалардың заңды өкілдері балабақша басшысының атына өтініш беру арқылы білдіреді.
        Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын кезекші топтарға   апара отырып, індеттің таралмауына барлық шараларды қолданады, олардың қоғамдық ортада болатынына және коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі бар екендігіне түсіністік танытады.
        Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын санитарлық қауіпсіздік құралдарымен қамтамасыз етеді: қол орамалдар, дымқыл бактерияға қарсы майлықтар мен маскалар (5 жастан бастап).
        Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларына әлеуметтік қашықтықтың қажеттілігі туралы түсіндіреді.
        Балалардың ата-аналары немесе заңды өкілдері балаларын балабақшаның сыртқы кіретін есігіне дейін ертіп апарады, балабақша кіріберісінде тәрбиеші  балаларды қабылдайды.
        9. Балабақша дезинфекциялау құралдарының қорымен қамтамасыз етіледі (кіре берістегі дезинфекциялау кілемшесі, санитайзерлер, ылғалды, дезинфекциялық жинауды қамтамасыз етуге арналған құралдар).
        10. Мектепке дейінгі ұйымда қамтамасыз етіледі:
  - тәрбиеленушілер мен педагогтердің, басқа да қызметкерлердің физикалық байланыстарын қысқарту;
- әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін ойын алаңдарын барынша пайдалану;     
- кіреберісте тәрбиеленушілер мен ата-аналардың   дене қызуын күн сайын өлшеу;  
- топтарды, дәліздерді, холлдарды және басқа да үй-жайларды әрбір сабақтан кейін ылғалды жинау, ажыратқыштарды, есік тұтқаларын, сүйеніштерді, баспалдақтың араларын, терезенің алдын дезинфекциялау;     
- медициналық  кабинеттер мен оқшаулау бөлмесінің жұмыс істеуі (күн сайын дене қызуын өлшеу, ауру белгілерін анықтау, ауырғандар анықталған жағдайда оқшаулау, барлық топты қашықтан тәрбиелеу және оқытуға көшуді қамтамасыз ету, топтағы балалардың жағдайын бақылау, топты штаттық режимге қайтару);
- балалардың кіруі мен шығуы үшін балабақшаның әр жас тобында жеке кіру және шығу есіктері падаланылады.
        11. Кезекші топтардың жұмыс істеуіне ұсынымдар:
   1) топтардың толымдылығы - 15 баладан артық емес;
    2) балалар үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;
   3) әрбір  ҰОҚ кейін кабинеттерді желдету, кварцтау;
   4) әрбір  ҰОҚ кейін қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану.
Тәрбиеші МДҰ-ға бару мәселесі бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді (жұмыс тәртібі, жас топтары, денсаулық жағдайы, тиісті киім-кешек, күн тәртібін сақтау және т. б.), баланы алдын ала алып келу, өйткені балаларды қабылдау белгілі бір уақытты алуы мүмкін);
Кезекші топтардағы сабақтар үлгілік оқу бағдарламалары мен оқу жоспарына сәйкес кесте бойынша өткізіледі. 
Ұйқы, демалыс, тамақтану, ұйымдастырылған оқу қызметі режимі сақталады.
Оқу күні аяқталғаннан кейін ата-аналар немесе заңды өкілдер балаларды алып кетеді, тәрбиеші (бала күтуші) баланы шыққанға дейін ертіп жүреді.

4-тарау.   Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, бейне сабақтарды әзірлеу бойынша ұсыныстар

12.  Жалпы ұсынымдар:
       - Ұйымдастырушылық
   - МЖБС мен үлгілік бағдарламаға сәйкестігі;
   - дидактикалық қағидаларды жүзеге асыру;
   - ақпараттық-коммуникативтік және мультимедиялық технологияларды тиімді пайдалану.
   - аудиовизуалды құралдар: графика, аудио, бейнематериалдар, презентациялар;
   - тәрбиеленушінің кез келген уақытта көру мүмкіндігі (офлайн-режим);
   - бейнежазба ұзақтығы -  15 минуттан аспайды.
  2. ҰОҚ мазмұны:
    - «классикалық» (баяндау) және стандартты емес стильдердің үйлесімі;
       - түсіру мен таңбаны толтырудың үйлесімді қатынасы (экрандар және т.б.);
        -  слайдтар саны – бір ҰОҚ2-3 слайд.
3. Эмоционалды фон:
  - тәрбиешінің  дауысы қалыпты, жағымды, дыбысталуы қабылдауға жетерлік,  анық сөйлейді, дикциясы жақсы;    
 - баяндауы түсінікті, еркін, жетерлік шамада эмоционалды (қатысу эффектісі) баяндау қарқыны жылдам емес;
- психологиялық әсер: айтылатын мәтіннің стилі мен дыбысталуы, жеке сөйлемдердің үйлесімділігі, эмоционалды  ынта, кідіріс;
- сәйкесінше (эмоционалды) музыкалық сүйемелдеу;
     4. ҰОҚ дизайны:
- түс фоны тұрақты-түс гаммасына жақын үш түстен тұрады; 
- дыбысы анық ( бөгде дыбыстарсыз), дыбыстың  біркелкі естілуі.
     5. Педагогтың дайындық деңгейіне ұсынымдар:
 Психологиялық –педагогикалық  дайындық:
  - тәрбиеленушілердің жас және психологиялық ерекшеліктерін білу;
  -электрондық оқыту ресурстарын әзірлеуге және құруға қойылатын талаптарды білу;  
Әдістемелік дайындық: 
   - электрондық білім беру материалдарын әзірлеу мен қолданудың әдістемелік тәсілдерін меңгеру;
  - стандартты емес жағдайларда сабақтың мақсаттарын анықтау және жүзеге асыру;
    IT-технологиялармен жұмыс істеу дағдылары:
   - IT-құзыреттіліктердің  болуы;
   - электрондық білім беру ресурстарын әзірлеу және қолдану дағдылары.
  Бейнесабақтарға қойылатын талаптар: 
  Ұйымдастырушылық: 
  - ұзақтығы:  15 минуттан аспайды;
  - икемді жеке кесте;
  - кез келген уақытта қарау мүмкіндігі.

Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты жақсарған кезде санитариялық талаптарды сақтай отырып, мектепке дейінгі ұйымның штаттық режимде жұмыс істеуге біртіндеп көшуі жүзеге асырылады.
































1- қосымша 
                                                                         Ата-аналар өтініші нысаны

                                                            Кімге __________________
                                                                        Аты-жөні _______________
                                                                        Кімнен_________________
осы мекенжайда тұратын__
Телефон ________________


ӨТІНІШ
Менің ұлым (қызым) толық аты-жөні, тобы _________________________________________________________________________________ кезекші топқа. Менің баламда созылмалы аурулар жоқ. Мен карантиндік және шектеу іс-шаралары кезеңінде менің баламның мектепке дейінгі ұйымға бару шарттарымен таныстым және келісетінімді хабарлаймын. Өз баламның санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттерімді орындауға міндеттенемін.


Күні ___________
Қолы __________


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив