"Құстар-біздің досымыз"
"Құстар - біздің досымыз" жобасы аясында ата-аналармен бірлесе құстарға көмек ретінде үйшік жасап, балабақшамыздың маңайына ілдік. Енді құстардың қауіпсіз жылы мекенінде тіршілік ететініне көз жеткізіп, алдағы уақытта басқа да жануарларға қол ұшын созамыз деген ойдамын. Жобамыздың мақсаты құстар туралы білімдерін кеңейту. Олардың тіршілігін, ортақ қасиеттерін, айырмашылығын ажыратуға үйрету. Құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.