Ата-аналарға кеңес » "№187 бөбекжай-балабақшасы"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№187 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7 (727) 341-01-97
Әдіскер:
+7 (727) 341-01-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
сәуір
2023

Ата-аналарға кеңес

БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫН  ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 

Тамақтану - баланың физиологиялық және психологиялық өсу үдерісінің қалыпты, дұрыс өтуін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі, Тамақ сапасының төмендеуі бала ағзасының қорғау-бейімдеу механизмінің деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады және аллергиялық әрекеттің өсуіне мүмкіндік туғызады, сондай-ақ асқорыту ағзасының ауруына себепші болады. Сондықтан да біздің балабақшада тамақ сапасына ерекше көңіл бөлінеді.   
 
Біздің мекемеде тамақты ұйымдастырудың негізгі принциптері  мыналар: 
* Тамақ мөлшерінің энергетикалық құндылықтары баланың энергетикалық шығындарына сәйкес келеді;* Тамақ мөлшеріндегі барлық ауыстырылатын және ауыстыруға болмайтын азық түліктер теңдестірілген.* Тамақ мөлшерінің теңдестірілуін қамтамасыз ететін азық-түліктер мен тамақтардың көптеген түрлері;  Азық-түліктердің технологиялық және аспаздық дұрыс өнделуі, олардың тамақ құндылықтарының бастапқы қалпын сақтауға бағытталған, сондай-ақ тағам дәмінің жоғары сапасы. *    Үйлесімді тамақтану тәртібі, айналадағы жағдай балалардың тамақтаны мәдениетін дағдыландыруға себепші болады; *   Тамақтануға деген гигиеналық талаптарды сақтау (тамақтану қауіпсіздігі) 
Біздің балабақшада күніне 4 рет тамақтанады: 
Таңғы ас – сүт ботқалары: сұлы, күріш, қарақұмық, бидай, "Достық", макарон өнімдерінен көже. Ботқалар жұмыртқа, ірімшік өнімдерімен ауыстырылып отырады.  Сусын ретінде сүт қосылған кофе, какао, маймен, сыр бутерброды. 
2-ші таңғы ас 10.00 бастап 11.00 дейін - балаларға жеміс немесе жеміс шырыны беріледі.  
Түскі ас – өсімдік майы қосылған балғын көкөністерден түрлі салаттар (қияр, қызанақ, сәбіз)Бірінші ыстық тағам - щи, борщ, көкөніс көжесі, балық сорпасы, жарма немесе макарон өнімдері қосылған көжелер.Екінше тағам - гарнирмен ет, балық, тауық, бауыр  Үшінші тағам – балғын жемістерден, кепкен көкөністерден компот,    табиғи жидектерден кисель.    Бесін ас - сүт, ішетін йогурт, шырын, балшырын, лимон қосылған шай, печенье, кондитерлік бұйымдар, тоқаштар.   
Кешкі ас -  жеңіл азық-түліктер (көкөністер, жемістер, сүт, ірімшік, балық тағамдары) 
Тамақты сақтау және дайындау үдерісіне және ас үйге деген санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң түрде сақтау балалардың тамақтарын дұрыс ұйымдастыру үшін маңызды. Балабақшаға келіп түсетін барлық азық-түліктер санитарлық ережелерге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылары бар.  
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив