«Математикалық мазмұны бар математикалық моделдеу мен қызықты дидактикалық ойындарды қолдану арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділіктерін дамыту» » "№187 бөбекжай-балабақшасы"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№187 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7 (727) 341-01-97
Әдіскер:
+7 (727) 341-01-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Математикалық мазмұны бар математикалық моделдеу мен қызықты дидактикалық ойындарды қолдану арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділіктерін дамыту»
11
қазан
2022

«Математикалық мазмұны бар математикалық моделдеу мен қызықты дидактикалық ойындарды қолдану арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділіктерін дамыту»

 «Математикалық мазмұны бар математикалық моделдеу мен қызықты дидактикалық ойындарды қолдану арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділіктерін дамыту»

     

«Сіздер өз балаларыңыздың қабілетті

 және дарынды болғандарын қалайсыз ба?

Ендеше, оларға шығармашылық сатылардан

 ең алғашқы қадамдарын жасауға көмектесіңіздер,

бірақ, кешігіп қалмаңыздар, және де

 көмектесіп қана қоймай, өздеріңіз де ойланыңыздар»

Б.П.Никитин

    
Танымдық дамуының негізі – баланың адам мәдениетіне құралдарды игеру, қоршаған ортаның не екенін білмеуі арқылы кіруі.
Менің тәжірибемнің келешегі, қазіргі заманның балабақшасының негізгі міндеттерінің білімділік жұмысы – ең алдымен баланың танымдық белсенділігін қалыптастыруы болып табылады, өйткені баланың танымдық белсенділігі оның келешекте мектепегі табысты білім алуына алғышарты болады.
Баланың дамуға деген тілегі болу үшін, не істеу керек?
Барлық білім беру үрдісі «Неге?» деген сұрақтардан құралу керек.
Осы сұрақ туындаған кезде баланың дамуында жаңа есіктер ашылады.
Менің педагогикалық жұмысымның ақырғы үш жылғы мақсатым мектепалды балаларының танымдық белсенділігін дамыту. Ол үшін математикалык моделдеуді және қызықты математикалық мазмұны бар дидактикалық ойындарды қолдандым.
 Менің мақсатымды іске асыру үшін, алдыма міндеттерді қойдым.   Мектепалды балаларды оқыту үшін мен, қазіргі заманның жаңа технологияларын сүйсіне қолданамын. Оларды мен шартты үш негізгі топтарға бөлдім:
-         ойын – сауықтар,
-         математикалық ойындар мен есептер,
-         дамытушылық (дидактикалық) ойындар мен жаттығулар.
Математикалық ойын – сауықтар ретінде жұмбақтар, әзіл есептер, логикалық жаттығулар қолданылады. Олардың мазмұны өте қызықты, есеп құрастырудың төтеншелігімен  ерекшеленеді. Балалар ой қозғауға, анализ жасауға, өз таңдауларын дәлелдей алады; логикалық ойлау дамуының мақсатында алған нәтижелерін түсіндіре алады. Балалардың танымдық әрекетінің деңгейі есеп шығару үрдісінде анықталады.
Математикалық ойын-сауықтардың арасында менің сабақтарымда жазық заттарды, жануарларды, құстарды, үйлерді арнайы геометриялық пішіндер жиынтығынан  құрастыру ойындары ерекше орын алады. Геометриялық пішіндер материалымен балалар анализ және синтез жасау дағдыларын жетілдіреді. Балаларды нәтиже шаттандырады - көргенді немесе ойлап тапқандарын үлгі бойынша құрастыру.
Танымдық белсенділіктің дамуында мен әдістемеліктері алуан түрлі математикалық ойындарға көп көңіл бөлемін. Сабақтарда Дъенештың геометриялық фигураларын, Кюизенердің түрлі-түсті таяқшаларын, шашки қолданамын. «Ғажайып қалташа», «Жетпейтін фигураны тап», «Немен ерекшеленеді?» деген логикалық ойындар мен жаттығуларды қолданамын. Олар логикалық операциялар мен іс-әрекеттерді орындаған кезде ой-өрістерін жаттықтыру үшін бағытталған.
Өте жиі дидактикалық мазмұны бар ойындар мен жаттығуларды қолданамын. Мысалы, балаларға «Қатені тауып, оны түзетуге (кез келген кейіпкерге) көмектесіңдер», геометриялық фигуралар қалай орналасқанын қарастыруға ұсынамын. Қандай топтарға және қалай біріктірілгенін, қателерді табуға, оларды түзетіп, түсіндіру. Жауапты (кейіпкерге) жолдау. Балалармен жеке дара жұмысты орындаған кезде,  сабақтардан бос кезде жарты топпен дидактикалық ойындарды қолданамын.
Әрбір баланың танымдық белсенділігін анықтап алу үшін, топта жағдай жасауда көп көңіл бөлемін. Ол үшін топта қызықты математикамен шұғылдану үшін арнайы бұрыш ұйымдастырдым. Балалар онда жатқан материалдармен еркін жұмыс жасай алады.  Балалар өздеріне ұнаған ойын, математикалық мазмұны бар әдістемеліктерді таңдап алуға, жеке дара немесе басқа балалармен бірге ойнауға мүмкіндік беріледі.
Балалардың өз-өздеріне қызмет етулері мен  шығармашылық әрекеттері мейірімді ортада, баланың жетістіктеріне көңіл бөлгенде, ересек адамның ойын барысында қатысуы, баланың жеке дара қабілеттерін есепке алғанда, ойын барысымен қызыққанда балалардың дамуы табысты болады.
Ол туралы Шалва Амонашвили де айтқан.
Жұмысты ата-аналармен тығыз байланыста өткіземін. Ата-аналар бұрышында  ақпараттық материалдарды орналастырамын. Топтағы болған оқиғалар мен ұсыныстарды жеткізу. Топта балалар үшін дамыту шарттарына ата-аналармен қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Өз балаларының табыстарын көру үшін, ашық сабақтарға шақырамын. Ата-аналармен жеке әңгімелескен кезде, балалардың білімдерін тексеру нәтижелері туралы ақпарат беремін, жағымды жақтарына екпін қоямын. Ата-аналарға қызықты материалдарды жинауға, балалармен бірге ойындар ұйымдастыруға, біртіңдеп үй картотекасын жинауға ұсынамын. Ата-аналар жиналысында ата-аналар мен балалар арасында бас қатырғыштарды шапшаң ойлауға сайыстар өткіземін.
 Әр жыл сайын балаларды мектепке жіберу алдында балалардың танымдық белсенділігін дамыту қорытынды есептерінің деңгейін өткіземіз. Үш жыл арасында  балалардың танымдық даму деңгейі әр жыл сайын өсіп келеді, ал танымдық қызығушылықтары тұрақты болып келеді. Мектепке дейінгі балалар өздері бастаған іс-әрекеттерін соңына дейін аяқтауға, жұмыс істеу дағдыларын сақтауға үйренді. Материалды игеру барысында балалар сұрақтар қоюға дағдыланды, тапсырмаларды тез және дұрыс орындайды. Сонымен қатар, өз-өздерін ұстау дағдыларын,  сұрақтарға жауапты өздігінен табуға үйренді.
   Осылай, қызықты математикалық материалдарды әртүрлі сабақ түрлерінде қолданып, мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділіктерін мақсатты түрде  дамытуға болады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив