Психолог кеңесі: "Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту" » "№187 бөбекжай-балабақшасы"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№187 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7 (727) 341-01-97
Әдіскер:
+7 (727) 341-01-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Психолог кеңесі: "Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту"
15
наурыз
2023

Психолог кеңесі: "Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту"

Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту

Психологтар балалардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін келесі жағдайларды бөліп көрсетеді:
1.     Бала дамуында ерекше сезімтал, әсершіл кезең деп шамамен 3-тен 12 жас аралығы саналады. Сондықтан баланың ақыл-парасат дамуының кемелдігі үшін осы кезеңді босқа өткізбей, толыққанды  қолдана білу керек.
2.     Баланың танымдық белсенділігі жоғары деңгейде болады. Осы қабілеттерінің дамуы үшін оның оқуға деген ұмтылысы, білуге деген талпынысы басты орынға шығады.
3.     Тәрбиенің тең құқылы жүйесі. Ата-ананың  балаға үстемдік жасауы, өз айтқандарын істетеіп, баланың ішкі пікірін есепке алмауы, санаспауы, баланың толыққанды дамуын тежеуші бірден-бір фактор болып табылады.
4.     Баланы интеллектуалдық тапсырмалар мен жаттығулар орындауға үйретіңіз. Бірақ баланың еркінен тыс мәжбүрлеу ешқандай нәтижеге қол жеткізбейді. Керісінше, оның қызығушылығын жойып, белсенділігін тежейді.
5.     Өз бетінше оқу. Бала 9 жасына дейін өз бетімен кітап оқып үйренсе, бұл баланың дамуын ары қарай ұштап дамыта түспек.
6.     Өзін жоғары бағалау. Бала өзін, өз  қабілеттерін жоғары бағаласа ғана, мақсат еткен, қолға алған кез-келген істе сенімді болады.
7.     Бала белгілі бір табысқа қол жеткізген жағдайда ғана өзін-өзі бағалай бастайды. Сондықтан да баланы табысқа, жетістікке жетелейтін жағдай жасауға ұмтылу керек.
8.     Баласының интеллектуалдық дамуын, зейінінің өсуін қадағалап отыратын, кітап оқығанды жақсы көретін отбасында баланың дамуы жедел жүреді.
Алты жастағы балаларды оқытуда ойын оқыту әдіс ретінде ерекше орын алады. Осы жастағы балаларға тән мінез-құлық: ойынға деген қызығушылығының артуы, мінез-құлық еріктілігінің жетіспеушілігі, көрнекілік-бейнелік ойлауы. Сондықтан балаларды дамытуда  танымдық мазмұны бар ойын элементтерін қолдану өте тиімді болады. Осындай элементтер болып: ойын сюжеті, рөлдерді бөлу, берілген мақсатқа жету және арнайы ережелерді орындау үшін ұтысты ойын элементтерін пайдалану. Аталған әдіс-тәсілдерді тәжірибелік іс-әрекетте күнделікті қолдану.  
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив