Балаларды ашық терезелерден қорғау ережелері » "№187 бөбекжай-балабақшасы"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№187 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7 (727) 341-01-97
Әдіскер:
+7 (727) 341-01-95
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балаларды ашық терезелерден қорғау ережелері
30
сәуір
2024

Балаларды ашық терезелерден қорғау ережелері


Балаларды терезелерден қорғау үшін мынандай кеңес береді.
Барлық ата-ана сақтауы қажет ережелер:
- Терезе 12,5 см-ден бастап ашық тұрса, бала терезеден құлап кетуі мүмкін. Сізге бала ол қашықтыққа сыймайтындай көрінсе де, одан артық ашпаңыз.
- Барлық терезеге оны 12,5 см-ден артыққа ашқызбайтын ілмек немесе қоршау қою керек. Оларды жиһаз дүкендерінен немесе қарапайым гипермаркеттерден сатып алуға болады. Сондай-ақ, ашылатын терезенің тұтқасын алмалы-салмалы етіп жасатуға болады: сол кезде бала терезені аша алмас үшін тұтқасын алып тастау жеткілікті.
- Мүмкін болса, терезенің тек жоғарғы бөлігін ашқан жөн.
- Баламен терезенің алдында ойнамаңыз. Даладағы көліктерді, адамдарды көрсету үшін баланы терезенің алдына отырғызбаңыз. Ол қасында сіз жоқ кезде де солай отырып көруге болады деп ойлайды.
- Үстіне оңай шығатын жиһазды терезенің қасына қоймаңыз. Жалпы, бала жалғыз ойнап отқан бөлмеге ол оңай көтере/ысыра алатын орындықты қалдырмаңыз.
- Москит торға сенбеңіз. Бұл ата-ананың көпшілігі жіберетін қателік. Москит тор бала салмағын көтермейді.
- Жалюздің баулары мен шынжырлары төмен салбырап тұрмауы керек: олар балаға терезенің алдына шығуға көмектеседі.
- Балконға әйнек салу керек.
- Аз уақытқа болса да балаларды үйде жалғыз қалдырмау қажет.

    
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив