Балабақшамыздың педагогтері: Валиева С.А., Примбет Ж.Б., Бабылова Г.К., Сарсенбаева Ж.А. Республикалық "Білім айнасы" газетінде мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу туралы ой бөлісті.
Мектеппен сабақтастық бойынша жұмыс жоспары аясында мектепалды топтарының балалары №198 мектепке барып, сыныптармен, кабинеттермен, мектеп кітапханасымен танысты.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. «Сары гүл», «Жүректегі ағыстар», «Көңіл көктемі» атты жыр кітаптарының авторы ақын Саят Қамшыгер балабақшамыздың бүлдіршіндерімен кездесіп жыр шумақтарын оқып, өз шығармаларын сыйға тартты. Сонымен қатар бүлдіршіндермен"Алматы таза қала" науқанының аясында балабақшаның аумағына ағаш отырғызды.
Ересек "Алау" тобы тәрбиеленушісі Таратенков Кирилл "BILIM AINASY" газетінің редакциясы ұйымдастырған жас суретшілерге арналған "Бояулар құпиясы- менің Отаным" тақырыбында өткен конкурстың жүлдегер і атанды
Ортаңғы "Тұмар" тобының тәрбиеленушілері тәрбиешісі Бөбекбаева Айгерим Максатовна "Балаларды ерте дамыту институты" РММ ұйымдастырған "Ханталапай" ұлттық ойындар республикалық байқауының "Үздік ұйымдастырылған ойын алаңы" номинациясының иегері атанды.