"ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!"
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" - деп ұлы Абай бабамыз айтқандай, сіздердің бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті, жемісті күннің кепілі. Ұстаздық ұлы қызмет, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Ендеше өз істеріне берілген ұстаздар қауымын төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Еңбектеріңізге шын пейілімізбен алғыс айта отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын!