Топтар - "№187 бөбекжай-балабақшасы" http://187.almatybala.kz/ ru Топтар - "№187 бөбекжай-балабақшасы" DataLife Engine Жазушы Саят Қамшыгермен кездесу. http://187.almatybala.kz/main/39188-zhazushy-sajat-amshygermen-kezdesu.html http://187.almatybala.kz/main/39188-zhazushy-sajat-amshygermen-kezdesu.html Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. «Сары гүл», «Жүректегі ағыстар», «Көңіл көктемі» атты жыр кітаптарының авторы ақын Саят Қамшыгер балабақшамыздың бүлдіршіндерімен кездесіп жыр шумақтарын оқып, өз шығармаларын сыйға тартты. Сонымен қатар бүлдіршіндермен"Алматы таза қала" науқанының аясында балабақшаның аумағына ағаш отырғызды.]]>





]]>
admin Mon, 06 May 2024 13:34:53 +0600
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! http://187.almatybala.kz/main/39196-ttytajmyz.html http://187.almatybala.kz/main/39196-ttytajmyz.html Ортаңғы "Тұмар" тобының тәрбиеленушілері тәрбиешісі Бөбекбаева Айгерим Максатовна  "Балаларды ерте дамыту институты" РММ ұйымдастырған "Ханталапай" ұлттық ойындар республикалық байқауының "Үздік ұйымдастырылған ойын алаңы" номинациясының иегері атанды.




]]>


]]>
admin Wed, 01 May 2024 19:28:56 +0600
"Судағы қауіпсіздік" суреттер байқауы http://187.almatybala.kz/main/39198-suday-aupszdk-suretter-bajauy.html http://187.almatybala.kz/main/39198-suday-aupszdk-suretter-bajauy.html

]]>


]]>
admin Sat, 06 Apr 2024 17:59:26 +0600
Тәжірибемен бөлісеміз. http://187.almatybala.kz/main/39190-tzhribemen-blsemz.html http://187.almatybala.kz/main/39190-tzhribemen-blsemz.html
]]>













]]>
admin Thu, 04 Apr 2024 16:43:59 +0600
Шеберлік-сынып "Мобильді кітапханаға арналған QR тағайындалған карточкалар дайындау" http://187.almatybala.kz/main/39154-sheberlk-synyp-mobildsheberlk-synyp-mobild-ktaphanaa-arnalan-qr-taajyndalan-kartochkalar-dajyndau.html http://187.almatybala.kz/main/39154-sheberlk-synyp-mobildsheberlk-synyp-mobild-ktaphanaa-arnalan-qr-taajyndalan-kartochkalar-dajyndau.html Шеберлік-сынып  "Мобильді кітапханаға арналған QR тағайындалған карточкалар дайындау"
Мақсаты: мобильді кітапхананың тиімділігі туралы ақпарат беру. QR тағайындаудың  ең тиімді заманауи тәсілдерінің бірі жайлы түсініктеме беру арқылы озық педагогикалық тәжірибені тарату.
​​​​
















]]>
Шеберлік-сынып  "Мобильді кітапханаға арналған QR тағайындалған карточкалар дайындау"
Мақсаты: мобильді кітапхананың тиімділігі туралы ақпарат беру. QR тағайындаудың  ең тиімді заманауи тәсілдерінің бірі жайлы түсініктеме беру арқылы озық педагогикалық тәжірибені тарату.
​​​​
















]]>
admin Fri, 16 Feb 2024 19:38:02 +0600
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ЖАДНАМА http://187.almatybala.kz/main/39205-sybajlas-zhemorlya-arsy-s-imyl-zhnndeg-zhadnama.html http://187.almatybala.kz/main/39205-sybajlas-zhemorlya-arsy-s-imyl-zhnndeg-zhadnama.html Сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтарға тап болған жағдайда, Сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 call-орталығына жүгіне аласыз (қоңырау шалу тегін).

]]>
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтарға тап болған жағдайда, Сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 call-орталығына жүгіне аласыз (қоңырау шалу тегін).

]]>
admin Wed, 17 Jan 2024 14:17:17 +0600
Ата-аналарға кеңес http://187.almatybala.kz/o-detskom-sade/roditelyam/14084-ata-analara-kees.html http://187.almatybala.kz/o-detskom-sade/roditelyam/14084-ata-analara-kees.html ]]> БАЛАЛАРДЫҢ ТАМАҚТАНУЫН  ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 

Тамақтану - баланың физиологиялық және психологиялық өсу үдерісінің қалыпты, дұрыс өтуін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі, Тамақ сапасының төмендеуі бала ағзасының қорғау-бейімдеу механизмінің деңгейінің төмендеуіне әкеліп соғады және аллергиялық әрекеттің өсуіне мүмкіндік туғызады, сондай-ақ асқорыту ағзасының ауруына себепші болады. Сондықтан да біздің балабақшада тамақ сапасына ерекше көңіл бөлінеді.   
 
Біздің мекемеде тамақты ұйымдастырудың негізгі принциптері  мыналар: 
* Тамақ мөлшерінің энергетикалық құндылықтары баланың энергетикалық шығындарына сәйкес келеді;* Тамақ мөлшеріндегі барлық ауыстырылатын және ауыстыруға болмайтын азық түліктер теңдестірілген.* Тамақ мөлшерінің теңдестірілуін қамтамасыз ететін азық-түліктер мен тамақтардың көптеген түрлері;  Азық-түліктердің технологиялық және аспаздық дұрыс өнделуі, олардың тамақ құндылықтарының бастапқы қалпын сақтауға бағытталған, сондай-ақ тағам дәмінің жоғары сапасы. *    Үйлесімді тамақтану тәртібі, айналадағы жағдай балалардың тамақтаны мәдениетін дағдыландыруға себепші болады; *   Тамақтануға деген гигиеналық талаптарды сақтау (тамақтану қауіпсіздігі) 
Біздің балабақшада күніне 4 рет тамақтанады: 
Таңғы ас – сүт ботқалары: сұлы, күріш, қарақұмық, бидай, "Достық", макарон өнімдерінен көже. Ботқалар жұмыртқа, ірімшік өнімдерімен ауыстырылып отырады.  Сусын ретінде сүт қосылған кофе, какао, маймен, сыр бутерброды. 
2-ші таңғы ас 10.00 бастап 11.00 дейін - балаларға жеміс немесе жеміс шырыны беріледі.  
Түскі ас – өсімдік майы қосылған балғын көкөністерден түрлі салаттар (қияр, қызанақ, сәбіз)Бірінші ыстық тағам - щи, борщ, көкөніс көжесі, балық сорпасы, жарма немесе макарон өнімдері қосылған көжелер.Екінше тағам - гарнирмен ет, балық, тауық, бауыр  Үшінші тағам – балғын жемістерден, кепкен көкөністерден компот,    табиғи жидектерден кисель.    Бесін ас - сүт, ішетін йогурт, шырын, балшырын, лимон қосылған шай, печенье, кондитерлік бұйымдар, тоқаштар.   
Кешкі ас -  жеңіл азық-түліктер (көкөністер, жемістер, сүт, ірімшік, балық тағамдары) 
Тамақты сақтау және дайындау үдерісіне және ас үйге деген санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң түрде сақтау балалардың тамақтарын дұрыс ұйымдастыру үшін маңызды. Балабақшаға келіп түсетін барлық азық-түліктер санитарлық ережелерге сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылары бар.  ]]>
admin Mon, 03 Apr 2023 12:25:39 +0600
Қызылша дегеніміз не және ол несімен қауіпті? http://187.almatybala.kz/o-detskom-sade/14912-yzylsha-degenmz-ne-zhne-ol-nesmen-aupt.html http://187.almatybala.kz/o-detskom-sade/14912-yzylsha-degenmz-ne-zhne-ol-nesmen-aupt.html
]]>

Қазіргі кезде қызылша сияқты инфекциялық ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Соңғы жылдары Еуропаның көптеген елдерінде қызылшамен сырқаттанушылық байқалады. ДДҰ-ы қызылшамен сырқаттанушылықтың себебін қызылшаға қарсы вакцинациямен аз қамтылумен байланыстырып отыр. Бұл Қазақстан аумағына осы инфекцияның әкелінуі және егілмеген тұрғындар арасында оның тез таралуы қаупін арттырады.
 
Қызылша дегеніміз не және ол несімен қауіпті?
 
Қызылша – дене қызуының 38-40° С-қа дейін көтерілуімен, жалпы уланумен, шырышты көз, мұрын жұтқыншақ, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы қабыну құбылыстарымен, кейіннен бөртпенің пайда болуымен сипатталатын жіті инфекциялық ауру. Жалпы әлсіздік пайда болып, бас ауырып, тәбет төмендейді, ұйқы бұзылады.
 
Қызылша кезінде кейіннен бір біріне бірігетін, қызғылт немесе қызыл дақ түрінде бөртпелер шығады.
 
  • Бірінші күні бөртпе құлақтың артына, бастың шаш бөлігіне, бетке және мойынға, кеуденің жоғары бөлігіне шығады;
  • Екінші күні бөртпе денеге және қолдың жоғарғы бөлігіне шығады;
  • Үшінші тәулікте бөртпе аяққа шығып, бетіндегісі бозарады.
 
Инфекция көзі – науқас адам. Вирус ауа-тамшы жолы арқылы, сілемей тамшылары арқылы, түшкірген кезде, сөйлеген кезде таралады. Ауа ағымымен вирус айтарлықтай қышықтықққа таралуы мүмкін. Қызылшамен ауыратын науқас болған үй-жайдың ауасымен тыныс алған кезде қызылша жұғуы мүмкін. Егер адам қызылшамен ауырмаған болса және осы инфекцияға қарсы егілмеген болса, онда науқаспен байланыста болғаннан кейін негізінен жағдайдың 100%-да жұғу орын алады. 
 
Қызылшамен ауыратын науқас айналасындағылар үшін 7-10 күн ішінде қауіпті болып табылады. Адамдардың табиғи сезімталдығы өте жоғары, ауырып сауыққаннан кейін адамдарда өмір бойына иммунитет пайда болады. Қызылшамен қайталап сырқаттану жағдайы өте сирек кездеседі.
 
Қызылшамен сырқаттанған кезде күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін. Оларға өкпенің қабынуы (пневмония), орта құлақтың қабынуы (отит), кей жағдайда энцефалит (мидың қабынуы) тәрізді өте күрделі жағдайлар жатады.
 
Қызылшамен ауырып сауыққаннан кейін ұзақ уақыт бойы (2 айға дейін) иммунитеттің төмендеуі байқалатынын есте сақтау қажет, сондықтан бала қандай да бір суық тию немесе вирустық аурумен ауыруы мүмкін, сол себепті оны шамадан тыс жүктемеден, мүмкіндігінше-науқас балалармен қарым-қатынастан қорғау қажет.
 
Аурудан сенімді қорғанудың бірден бір жолы Ұлттық егулер күнтізбесіне енгізілген қызылшаға қарсы вакцинация болып табылады.
 
 
 
Ата-аналарға:
- балаларының қызылшаға қарсы егу мәртебесін тексеру, вакцинация болмаған жағдайда – қызылшаға қарсы профилактикалық егулер алу;
- қызылшаға қарсы егілмеген балалардың әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуын, ойын-сауық сауда орталықтарындағы ойын алаңдарына баруын шектеу ұсынылады.
 
 
Егер Сіз немесе Сіздің балаңыз ауырған жағдайда:
- катаралды құбылыстармен (дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік) байқалып және бөртпе шығып аурудың бірінші белгілері пайда болған кезде дәрігерге қаралу, қызылша ауруына тексеруден өту және оның барлық нұсқауларын орындау;
 - ауыр жағдайларда жедел жәрдем шақырту;
- дәрігер келгенге дейін туыстарымен, таныстарымен және басқа адамдармен байланысты шектеу;
 - жөтелген және түшкірген кезде бет орамалды немесе сулықты пайдаланып, ауызды және мұрынды жабу, қолды сабынмен жиі жуу;
- тыныс алу ағзаларының қорғаныш құралдарын (мысалы, бетперде немесе дәке таңғыш) пайдалану – өзін өзі емдемеу қажет!
 
Қызылшаның алдын алу.
 
Инфекцияға қарсы күрестің ең қолжетімді және тиімді әдісі вакцинация болып табылады.
 
Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбелігіне сәйкес балаларды қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау 12 айлық кезінде және қайталап 6 жаста жүргізіледі.  Сондай-ақ қызылшамен ауырмаған, бұрын егілмеген немесе қызылшаға қарсы вакцинациясы туралы мәліметтері жоқ 18-35 жастағы ересектер егіледі (иммундау егулер арасындағы кемінде 3 ай аралықпен екі рет жүргізіледі). Қызылшаға қарсы егілгені немесе бұрын қызылшамен ауырғаны туралы мәліметтері нақты емес қызылшамен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар вакцина алуы қажет. Қызылшаға қарсы вакциналар 20 жылға дейін сақталатын сенімді иммунитетті қалыптастырады. Вакцинация эпидемиялық ахуал төмендеген кезде жүргізілген болса да қызылшаның дамуының алдын алады.   
 
Қызылша – қауіпті инфекция. Балаңызды қорғап үлгеріңіз!

]]>
admin Mon, 03 Apr 2023 12:13:15 +0600
Балалар бөбекжайында, балабақшаларда және мектепке дейінгі санаторий ұйымдарында тәрбиеленетін балаларды тамақтандыру нормалары (бір балаға күніне граммен) http://187.almatybala.kz/o-detskom-sade/14906-balalar-bbekzhajynda-balabashalarda-zhne-mektepke-dejng-sanatorij-jymdarynda-trbielenetn-balalardy-tamatandyru-normalary-br-balaa-knne-grammen.html http://187.almatybala.kz/o-detskom-sade/14906-balalar-bbekzhajynda-balabashalarda-zhne-mektepke-dejng-sanatorij-jymdarynda-trbielenetn-balalardy-tamatandyru-normalary-br-balaa-knne-grammen.html Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік 
көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру
 қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысы.
3-қосымша]]>


]]>
admin Mon, 13 Mar 2023 11:39:27 +0600
Балалардың жасына байланысты граммға шаққандағы порциялардың массасы http://187.almatybala.kz/o-detskom-sade/roditelyam/14905-balalardy-zhasyna-bajlanysty-gramma-shaanday-porcijalardy-massasy.html http://187.almatybala.kz/o-detskom-sade/roditelyam/14905-balalardy-zhasyna-bajlanysty-gramma-shaanday-porcijalardy-massasy.html "Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне
 қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" 
санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығы.

 7-қосымша]]>


]]>
admin Mon, 13 Mar 2023 11:34:52 +0600