КЕҢЕС БЕРЕМІЗ » "№187 бөбекжай-балабақшасы"
Коммунальное государственное казенное предприятие
«Ясли-сад №187»
Управления образования города Алматы
Заведующий :
+7 (727) 341-01-97
Методист:
+7 (727) 341-01-95
Версия для
слабовидящих
21
декабрь
2023

КЕҢЕС БЕРЕМІЗ

Логопедтің ата-анаға кеңесі

 1.Баламен асықпай сөйлесіңіз, қалыпты темпте, интонациямен.
 2. Әр іс- әрекет кезінде өз балаңызбен сөйлесіңіз, мысалы, тамақ жасау кезінде, домжинап жүргенде, киіндіріп-шешіндіргенде, ойнағанда, серуенге шыққанда және т.б. не істеп жатқаныңызды, не көргеніңізді, бала не істегенін, басқа адамдар не істеп жатқандарын және баланың не көріп отырғанын айтып отырыңыз.
 3. Құрастырылған сөздерді, сөйлемдерді дұрыс қолданып айтыңыз. Сіздің сөйлеміңіз баланың сөйлемінен 1 – 3 сөзге ұзын болу керек. Егер де сіздің балаңыз өз ойын әлі тек бір сөздік сөйлемдермен ғана білдірсе, онда сіздің сөйлемшеңіз екі үш сөзден тұру керек.
 4.Ашық сұрақтарды қойыңыз. Бұл балаңыздың жауап бергенде бірнеше сөздерді қолдануға итермелейді
 5.Артикуляциялық жаттығу- бұл ерін мен тілге арналған жаттығулар. Тіл- сөйлеу органының негізгі бұлшықеті. Тілді дыбыс шығаруға қатысты нақты қимылдарды жасай алу үшін жаттықтыру қажет. Ерін мен тіл икемді әрі мықты болуы керек. Артикуляциялық жаттығуды орындау үшін айна қажет. Бала өзінің тілінің қозғалысын көріп отыруы қажет. Бала тіл жаттығуларын жаттағанға дейін қайталай беру керек.
 6.Сабақ балаға ұнауы тиіс. Баланы мәжбүрлеп күш түсірген жөн емес. Баланың барлық нәрсеге деген қызығушылығы жоғалады. Аз-аздан бірнеше рет жасаған жөн. Солай балада дағды қалыптасады.
 7.Саусақ жаттығуы- бұл ұсақ моториканы дамыту жолдарының бірі. Адамның қол мен мидағы сөйлеу орталығы аралықтарында тығыз байланыс барлығы ғалымдармен анықталған. .
 8. Сабақ өткізетін жер тыныш, ыңғайлы болғаны жөн. Балаға бір затты түсіндіргенде көрнекі құрал қолданған өте тиімді. Сабақ барысында балаға дұрыс емес деп мүлде айтпаған жөн. Мейлінше баланы мақтап, мадақтау қажет.
 9.Егер де бала сөйлегенде бірнеше ғана сөздерді қолданса, оның сөздік қорын байыту үшін жаңа сөздермен таңыстырыңыз. 5-6 сөз таңдаңыз (дене бөліктері, ойыншықтар, азық-түліктер) және оларды балаға атаңыз. Оған сөздерді қайталауға мүмкіндік беріңіз. Бала оларды үздік дыбыстайды деп күтпеңіз. Баланы жандандырып, сөздерді жаттатқыздыра беріңіз. Бала сөздерді дыбыстаған кейін, 5-6 сөзді енгіздіріңіз. Бала оны қоршап жатқан көп заттардың аттарын меңгергенше дейін, осылай сөздерді қосып отырыңыз. Күн сайын жаттықтырыңыз.
 10. Жаттығулардың көбін ойын түрінде өткізіңіз. Баламен жұмыс оның сөзді еліктеуін, байланыс тілдің элементтерінің қалыптасуын, естің және зейіннің дамуын белсендіреді.                                                                                                              11. Баланың сөйлеуі айналадағы адамдардың сөзіне еліктеу арқылы дамиды. Осыған байланысты, бала қоршаған ортада грамматикалық түрде дұрыс құрылған сөйлемді естігені дұрыс.
 12. Бала сөзінің алғашқы үлгісі – туыстарының сөзі. Ата-аналар балалары үшін ана тілінің алғашқы ұстаздары болып табылады. Отбасы - бұл бірінші мектеп.
 13. Ата-ананың көмегінсіз балаға дұрыс сөйлеуді үйрену қиын. Баламен сөйлесіңіз, дауыспен сөйлеп, дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға тырысыңыз, бұл балаға дұрыс сөйлеуге көмектеседі.
 14. Баланың дұрыс айтылмаған сөзіне еліктемеңіз, балаңызды жалған ойдан шығарылған сөздерге үйретпеңіз. Балаңызбен ням-ням (тамақтану), мяу(мысық) және т.б. осы сияқты алмастырылған сөздермен сөйлеспеңіз, әдеттегі сөздермен сөйлесіңіз. Әйтпесе, сіз баланың дұрыс сөйлеуін тежейсіз.
 15. Бала сөйлегенде, қарапайым сөздермен, қысқа сөйлемдермен сөйлесіп, сөздер мен сөйлемдер арасындағы үзілістерді байқап көріңіз, сонда балаңыз сіздің сөйлеген сөзіңізге еліктейді, дұрыс сөйлеуді үйренеді.
 16. Балаңыздың былдырлап сөйлей бастағанына және алғашқы сөздерді айта бастауына назар аударыңыз. Егер баланың сөйлеу дамуы тежелсе, мамандарға жүгініңіз.
 17. Балаларға дұрыс сөйлеу дағдыларын үйретіп, балаға жылдам сөйлеуге жол бермеңіз. Асықпай, анық, дұрыс сөйлеу баланың дұрыс сөйлеуіне ықпал етеді.
 18. Баланы сөйлеу материалымен жүктемеңіз. Оқу кезінде балаға сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін түсіндіріңіз. Оқуға арналған әдебиеттерді таңдағанда, балаңыздың жасын және оның қабылдау мен эмоционалды жағдайын ескеріңіз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив