23
қазан
2025
«Мектепке дейінгі білім берудегі кросс-мәдени жобалар: елдер арасындағы тәжірибе алмасу» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жобалық студия





2025 жылғы 23 қазан күні Алматы қаласында Түрксіб ауданының «№187 бөбекжай- балабақшасы» КМҚК-да «Мектепке дейінгі білім берудегі кросс-мәдени жобалар: елдер арасындағы тәжірибе алмасу» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында жобалық студия ұйымдастырылды.Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі білім беру саласындағы инновациялық және кросс-мәдени тәжірибелерді дамыту,
Сингапур мен Қазақстан арасындағы халықаралық әріптестікті нығайту.
Сингапур Республикасы мен Алматы қаласының Білім басқармасы арасында қол қойылған меморандум аясында конференцияға келесідей өкілдер қатысты:
- Чэнь Шао Цзюань, Сингапур еліндегі «Mosaic» мектепке дейінгі ұйымының Қытай бөлімшесінің басшысы;
- Адамова М.Е., Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры;
- Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері;
- Қалалық мектепке дейінгі білім беру ресурстық орталығының мамандары;
- Қаланың және өңірлердің балабақша педагогтері.
«Үштік одақ – бала бақыт» –
балабақша, педагог және баланың үштік бірлігіне негізделген үйлесімді білім беру кеңістігін құру.
Бұл жүйе арқылы ынтымақтастық, сенім және белсенді өзара әрекеттестік арқылы баланың тұлғалық дамуы,
оның әлеуетін ашу, рухани-адамгершілік құндылықтар мен негізгі құзыреттерді қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Конференция соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, естелік сыйлықтар табыстап, естелікке суретке түсті.