11
қыркүйек
2025
"Дені сау ұрпақ" балаларды ерте дамыту және денсаулықты сақтау бойынша ата- аналарға арналған ақпараттық кездесу
2025 жылдың 11 қыркүйекте Алматы қаласы Білім басқармасының жоспарына сәйкес 187 бөбекжай- балабақшасында "Отбасы күні " аясындағы "Дені сау ұрпақ - Сенімді болашақ!" балаларды ерте дамыту және денсаулықты сақтау бойынша ата- аналарға арналған ақпараттық кездесу өттіМамандар ата-аналармен бірге балалардың физикалық, психоэмоционалдық және когнитивтік дамуының негізгі аспектілерін талқылады, салауатты өмір салтын ерте жастан қалыптастыру бойынша практикалық кеңестермен бөлісті, сондай-ақ бала денсаулығын нығайтуда отбасының рөліне ерекше назар аударды. отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ата -аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігінің арттыру барысында «Сенімен Болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Меруерт Маулетқызы жаңа туған бала өмірге келгеннен тұлға болуындағы баспалдақтардың дұрыс басуына, сол бөбекті жетелеген ата ананың рөлі туралы «Сенімді болашаққа – себеп СІЗ» - тақырыпта ата-аналармен педагогтармен ашық пікірталас ұйымдасты. Алматы қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік даму бөлімінің бас инспекторы Амангуль Ильясовна отбасы құндылықтарын нығайтудағы мемлекет пен білім беру ұйымдарының серіктестік рөлін атап өтті. Алматы қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталығының басшысы Наталья Викторовна өз сөзінде баланың ерте жастан дамуы мен денсаулығы – тек балабақша мен медицина саласының емес, ең алдымен отбасының ортақ жауапкершілігі екенін ерекше атап өтті. Индира Болатовна, №3 ПМПК директоры қазіргі таңда бала дамуындағы ерекшеліктерін дер кезінде анықтап дабыл қағып мамандарға жүгіну туралы ақпараттар берді Кездесу ашық диалог форматында өтті: ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарды қойып мамандардан нақты жауап алды.
Қорыта келгенде отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды насихаттауға, ата -аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігінің арттыруда «Үштік одақ бақытты - бала»- жобасының жұмысының нәтижелі жалғасуы тұралы шешім қабылданды.